Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

03 қараша 2026 ж.

№82 газет

29 қазан 2026 ж.

№81 газет

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова тосқауыл бекетінің жұмысымен танысты

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова тосқауыл бекетінің жұмысымен танысты

Аймақ басшысы "Шиелі-Қызылорда" тас жолына қойылған тосқауыл бекетіне барды. Карантин жағдайында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің фейсбук парақшасында жарияланды. 
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы есеп берді.
"Қазіргі таңда қала бойынша 6 тосқауыл бекеті қойылды. Әр бекетке әскери бөлімнің 14 қызметкері бекітілген. 10 адамдық шатыр тігілген. 1 арнайы техника мен адам тасуға арналған көлік те қарастырылған", - деді басқарма басшысы.
Тосқауыл бекеттерінің жұмыс істеу тәртібі бекітілген. Облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау бақармасының мамандары тәулік бойы қызмет атқарады.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова карантин талаптарын қатаң сақтауды міндеттеді. Тосқауыл бекеттеріндегі қызметкерлердің ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін де басты назарда ұстау қажеттігін тапсырды.
01 сәуір 2020 ж. 1 005 0