Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

№92 газет

19 қараша 2024 ж.

№91 газет

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ауыл тұрғындарының алғысы шексіз

Ауыл тұрғындарының алғысы шексіз

Айдарлы ауылындағы аяқ су мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып, шешімін таппай келе жатқан еді. Биыл осы мәселе реттеліп, облыс және аудан әкімдігінің қолдауымен ауылға аяқ су келетін канал қазылды. Ауыл үшін маңызды осынау жұмыстың жүйелі жүргізілгеніне ауыл халқының алғысы ерекше.
Су – тіршілік нәрі. Сусыз ештеңені елестету мүмкін емес. Оның үстіне жұртшылық ауылда тұрғандықтан есік алдына азын-аулақ болса да бау-бақша егіп, жемісін жеуді қалайды. Бұл ауданнан шалғай орналасқан айдарлылықтар үшін де маңызды.
Жасыратыны жоқ, соңғы бірнеше жылдан бері Айдарлы ауылында аяқ су болмай қалды. Соның салдарынан жас көшеттер қурап, еккеніміз өспей, төккен теріміз еш кетті. Осы мәселе биыл облыс және аудан әкімдігінің қолдауымен нақты шешімін тапты. Аудан басшысы бірнеше рет ауылға келіп, сала мамандарымен бірге каналды қазу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер мекеме өкілдерімен және ауылдық ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағасымен пікірлесті. Ауыл әкімдігіне каналдың сапалы қазылуын, ауылға аяқ судың келуін бақылауда ұстауды, күніне бір мезгіл канал басына келіп, жұмысшылармен бірге бірлесе еңбек етуді тапсырды.
Ерте көктемде басталған жұмыс қазір аяқталды. Ауылға аяқ су келді. Тұрғындар егін егіп, бау-бақшаларын ретке келтіріп жатыр. Ауыл көшелерінің де сәні кіріп қалды. «Су болса, ну болады» демекші енді ауылымыз жасыл желекке оранады деп сенеміз. Әсіресе, ауыл ақ­сақалдарының көңілі көтеріңкі. Қария­лар аймақ басшыларының өті­нішке құлақ асып, сапалы орындағанына қуанышты. Сондықтан жергілікті ат­қарушы билік өкілдерінің жұмысына жеміс тілейміз. Лайым, ауылдар көр­кейе берсін.

Әлмахан БАҺАДҮРОВ,
Айдарлы ауылдық ардагерлер
кеңесінің төрағасы
16 мамыр 2020 ж. 1 058 0