Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ӘСЕМ САЯБАҚ АУЫЛҒА ЕРЕКШЕ СӘН БЕРІП ТҰР

ӘСЕМ САЯБАҚ АУЫЛҒА ЕРЕКШЕ СӘН БЕРІП ТҰР


Серпінді Сырдария ауданына қарасты Сәкен Сейфуллин ауылдық округі бойынша соңғы жылдары абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
Дұрыс ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл көшелері күл-қоқыстан тазаланып, көшеттер мен гүлдер егілуде.
Мәселен, қазіргі таңда ауылдық саябақта егілген әсем гүлдер ауылға ерекше сән беріп тұр.
Жалпы, ауылдың тазалығы, абаттандыру жұмыстарының жүргізілуі ауыл әкімі аппаратының басты назарында. Бүгінде ауылдық саябақ ауыл тұрғындары мен қонақтарының сүйікті мекеніне айналып үлгерді. Кешкілік ауыл жастары таза, жинақы және жарықшамдар орнатылған әсем саябақта бос уақыттарын тиімді өткізуде.
Ауылға келген қонақтар да саябақтың әсемдігіне жоғары баға беруде.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
17 шілде 2018 ж. 2 435 0