Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » А.Тоқмағамбетов ауылында дәрігерлік амбулатория салынады

А.Тоқмағамбетов ауылында дәрігерлік амбулатория салынады

Бұл туралы аудан әкімі Руслан Рүстемов халыққа есеп беру жиынында айтты.

«Сырдария ауданында соңғы 5 жылда 6 медициналық нысан (Айдарлы, Бесарық, Іңкәрдария, Шіркейлі Қоғалыкөл және Ақжарма ауылдық округтерінің дәрігерлік амбулатория ғимараттары) жаңартылған. Сәкен Сейфуллин және Жетікөл ауылдарында жаңадан дәрігерлік аймақ ашылып, дәрігерлермен қамтылды. Алдағы уақытта Асқар Тоқмағамбетов ауылында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу жоспарланып отыр» деді аудан басшысы өз баяндамасында.

Елді мекенге дәрігерлік амбулаторияның қажеттілігі ауыл тұрғындарының бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатқан мәселесі еді. Жыл аяғына дейін бұл мәселе толық шешілсе, ауыл тұрғындары сапалы медициналық көмекке қол жеткізбек.
22 қаңтар 2020 ж. 1 103 0