Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қант диабеті: ерте анықтау – денсаулық кепілі

Қант диабеті: ерте анықтау – денсаулық кепілі

14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай Сырдария аудандық емханасында тұрғындар арасында қант диабетінің алдын алу, ерте анықтау және оның асқынуларының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында аудандық емхананың эндокринолог-дәрігері Айжан Ибраева қант диабетінің негізгі белгілері, қауіп факторлары, дұрыс тамақтанудың маңызы, дене белсенділігі мен салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар дәрігер ауруды ерте анықтау үшін профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп, қандағы қант деңгейін тұрақты бақылаудың маңыздылығына тоқталды.

Мамандардың айтуынша, қант диабетінің алдын алудың ең тиімді жолы – дұрыс тамақтану, қалыпты дене салмағын сақтау, тұрақты қозғалыс және зиянды әдеттерден бас тарту.

Сырдария аудандық емханасы тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақтылы өтуге шақырады. Ерте анықталған дерттің алдын алып, сапалы өмір сүруге мүмкіндік мол.

13 қараша 2026 ж. 35 0