Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ауданда залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

Ауданда залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

Бүгінде ауданның барлық елді мекендерінде коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жалғасуда. Бұл туралы Сырдария ауданы әкімдігінің фейсбук әлеуметтік парақшасында жарияланды. Тұрақты түрде адам көп шоғырланатын жерлер мен әлеуметтік нысандарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін Тереңөзек кентіндегі құқық қорғау, өрт сөндіру мен қызмет көрсету мекемелері, сауда дүкендерінің аумағына дезинфекциялау жұмыстары жалғасын тапты. Мамандар ғимараттардың айналасын түгелдей дерлік арнайы ерітіндімен залалсыздандырды.
Алдағы уақытта кентте орналасқан басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.

"ТТ"-ақпарат 
02 сәуір 2020 ж. 719 0