Тереңөзек станциясы қатаң бақылауда

Осы ретте, Сырдария ауданы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары мен аудандық полиция бөлімі бірлесіп, Тереңөзек станциясына келіп тоқтайтын жолаушылар поездынан түскендерді есепке алып, аудандық емханаға бақылауға алу үшін мәліметтері жолдануда.
Жалпы, ауданда эпидемиологиялық ахуал қатаң бақылауға алынған. Сонымен бірге қоғамдық орындар мен сауда нысандары, аялдамалар, мекемелердің аумағын дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Майя Қожабай