Аудан басшысы бірқатар нысандарды аралап көрді
Бүгінде аудан бойынша коронавирус инфекциясының алдын алу бағытында тиісті шаралар атқарылуда. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты аудан әкімі Руслан Рүстемов аудан орталығындағы бірқатар сауда нысандарын, аудандық емхананы, дәріханаларды аралап көрді. Бұл туралы аудан басшысы фейсбук әлеуметтік парақшасында жариялады.
– Елімізде жарияланған төтенше жағдай баршамыздан сабыр сақтап, барлық сақтық шараларын қабылдауды талап етеді. Осыған орай, бүгін аудан орталығындағы бірқатар сауда нысандарын, аудандық емхананы және дәріханаларды аралап, медицина қызметкерлерімен, жеке кәсіпкерлермен кездестім.
Кездесу барысында сауда орындарындағы азық-түліктің жеткілікті деңгейде қамтылу барысына, бағасына, ұсынылып отырған тауарлардың түрлеріне, санитарлық тазалығына көңіл бөлдім. Нәтижесімен аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысына бағаны тұрақты бақылауда ұстауға, азық-түлік тауарларының үздіксіз жеткізіліп отыруын және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысына сауда нысандарында санитарлық нормаларды қатаң қадағалауды тапсырдым.
Мұнан кейін аудандық емхана мен дәріханаларда болып, инфекциялық індеттің алдын алу бағытындағы талаптардың сақталу жағдайымен таныстым. Дәріханаларда тұрғындарға медициналық бетперделердің тапшылығын болдырмау және жеткілікті шамада қамтамасыз етуді талап етіп, қатаң бақылауды тапсырдым.
Жалпы, бүгінде ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Осы мақсатта құрылған мобильдік топ елді мекендердегі мейрамхана, кафе, қоғамдық тамақтану, сауда нысандарының иелерімен кездесіп, ауданда індетке қарсы алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізіп келеді, – делінген жазбада.

"ТТ"-ақпарат