Ғасыр індеті

– Жастардың діни көзқарасы әлі де өзекті мәселе болып табылады және жүйелі талдауды қажет етеді. Әр түрлі себептермен дәстүрлі дінді жоққа шығаратын адамның көзқарастарына негізделген жастардың діни ізденісі ХХІ ғасырдың жалпы көрінісін табады. Жастар – біздің мемлекетіміздің болашағы, олар бізден күнделікті қамқорлық пен тынымсыз ілтипатты қажет етеді. Жастарымыздың адамзаттық болмыстағы, әсіресе дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды. Себебі адамның жеке тұлға ретінде көбінесе жас жылдарында қалыптаса бастайды, – деген бас имам жастарға дұрыс діни бағыт беріп, олардың назарына тек жақсы дүниелерді көрсету керектігі жайлы пікір білдірді.
Тұрғындар арасындағы сауалдар зікір салуға діннің рұқсаты бар ма, діни салт-жоралғылар мен исламдағы отбасы құндылығы төңірегінде болды. Діни көзқарастағы (деструктивті діни бағыттардың ықпалына түскен) кейбір жас азаматтар өздерін қоғам мен мемлекетке қарамақарсы қойып, қазақ халқының рухани мәдениетіне және ұлттық дәстүрлеріне теріс көзқараспен қарайтын болды. Оларда тіпті зорлық-зомблық тәсілдерін қолданумен мемлекетіміздің саяси құрылымдағы зайырлы сипатын өзгертуге ықыластары пайда болуда. Бұл көріністер қоғамда жаңа саяси-әлеуметтік пішіндердің қалыптасуына себептес. Жалпы, дін саласында мемлекетімізде көп жұмыстар атқарылып жатыр. Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ұйымдастырылған жұмыс өзінің нәтижесін беріп, ал оның тиімділігі бірлікпен бірте-бірте өседі.
Майя ҚОЖАБАЙ