Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрақты бақылауға алынды

Тұрақты бақылауға алынды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға байланысты семинар өтті. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудандық орталық мұсылмандар мешітінің бас имамы А.Асқаров, аудандық терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері, аудандық ішкі саясат және жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Семинарда аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев аудандағы діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытындағы комиссия жұмысының міндеттеріне тоқталып, жұмысты жандыру қажеттігіне баса назар аударды.
Күн тәртібіне сәйкес аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының алдағы уақытта жүргізетін жұмыстардың бағыты туралы аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Әбілдаев, аудандық терроризмге қарсы комиссияның жұмысын жетілдіру және оны ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөнінде аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Н.Омаров хабарлама жасады.
Семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы комиссияның және ақпараттық түсіндіру тобының алдына бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, мешіт имамдарымен, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен бірлесе отырып, барлық елді мекенде тұрғындармен кездесулер ұйымдастыруды және аудан әкімімен бекітілген Сырдария ауданының дін мәселесі бойынша аудандық ақпараттық түсіндіру тобының 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шаралардың орындалуын тұрақты бақылауға алуды тапсырды.

Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
08 наурыз 2020 ж. 371 0