Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Жаһандық мәселеге айналды

Жаһандық мәселеге айналды

Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін, бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселеге айналған – терроризм. Қазіргі уақытта терроризм мен экстремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр.

Осыған орай аудандық кітапханада "Терроризм - бейбіт өмірге төнген қауіп" тақырыбында шара өтті. Шараға аудандық әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Сейілхан Кеукенов, дін мәселелерін зерттеу туралы коммуналды мемлекеттік мекемесінің аудан бойынша маманы Асхат Нұрзылда, колледж студенттері, ұстаздар және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шара барысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған іс – шараның мақсаты тілге тиек етіліп, дәстүрлі діннің құндылықтары және теріс діни ағымдардан айырмашылықтары туралы маңызды ақпарат берілді.

"ТТ" ақпарат
07 қараша 2019 ж. 722 0