Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ТОБЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ТОБЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ


Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Иман-2013» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Аманкелді, Қоғалыкөл және Шіркейлі ауылдық округ тұрғындарымен кездесті.
Осы орайда, Қызылорда қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің имамы, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Арынов Берік Сүйіндікұлы – діни экстремизм мен терроризм, теріс пиғылды діни ағымдар туралы жан-жақты баян етті. Дін тарихы мен дін тармақтарын саралай келіп, бүгінгі таңда көп айтылып жүрген теріс діни ағымдардың іс-қимылы туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, аудандық «Мұсылмандар» мешітінің найб имамы А.Молдабеков, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының аудан бойынша маманы А.Нұрзылда аудан бойынша діни экстремизмнің алдын алу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Жиын соңында мамандар, ең бастысы, ұлтаралық татулықты нығайту және қауіпті діни ұйымдарға көп болып қарсы тұрудың маңыздылығын атап өтті.

М.КЕЛДІБАЕВ,
«Иман-2013» қоғамдық қорының төрағасы
23 желтоқсан 2018 ж. 1 210 0