Президент барлық саланы цифрландыруды тапсырды – Дәурен Абаев
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына министрлікке тапсырылған міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Биылғы Президент Жолдауы біздің министрлік үшін ерекше маңызға ие. Оның лейтмотиві цифрландыру болып отыр. Президент өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қаржы секторы, білім және денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару секілді барлық саланы цифрландыру туралы нақты міндеттер тапсырды», - деді Дәурен Абаев.Ведомсвто басшысы Жолдауға байланысты бірқатар атқарылатын тапсырманы атап өтті.
«Бұдан бөлек, министрлікке экожүйе стартапын дамытуды, шынайы сектор тарапынан жаңа технологияларға деген сұранысты заңнамалық тұрғыдан ынталандыруды, сонымен бірге «Смарт сити» стандартын эталонды түрде қалыптастыруды тапсырды», - деді министр.
https://baq.kz/kk