Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Магнитудасы – 6,1: Панамада жер сілкінді

Магнитудасы – 6,1: Панамада жер сілкінді

Панаманың оңтүстігінде магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісі 12 қазанда UTC уақыты бойынша сағат 23:20-да (Астана уақытымен 13 қазанда сағат 04:20-да) Рио-Гранде қаласынан батысқа қарай 17 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 11 шақырым тереңдікте орналасқан. Меркалли шкаласы бойынша жер сілкінісінің қарқындылығы VII балға (өте күшті дүмпу) жеткен. Ескерту жүйесінің деңгейі – жасыл. Зардап шеккендер және қираулар туралы ақпарат түспеген.

Айта кетейік, бұдан бірнеше күн бұрын Панаманың оңтүстігінде де күшті жер сілкіністері болған. Сол кезде эпицентрге жақын маңдағы ғимараттар қирап, елдің әртүрлі аймақтарының тұрғындары эвакуацияланған.


13 қазан 2026 ж. 65 0