«Қазақ» газетінің мерейтойына орай журналистік жүлде тағайындалады
Алдағы жылы «Үркер» сыйлығын тапсыру кезінде «Қазақ» газетінің 105 жылдығына орай арнайы жүлде тағайындалады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қазақ сайттары редакторларының форумында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
Форум қатысушыларына сәттілік тілеген министр "Үркер" журналистер сыйлығы алдағы жылы да жалғасатынын айтты.
«Сонымен қатар, сіздерге тағы бір жақсы жаңалықты жеткізгім келеді. Келесі жылы қазақ журналистикасының алғашқы басылымдарының бірі - "Қазақ" газетінің 105 жылдығы. Соған орай "Үркер" байқауында "Қазақ" газетінің арнайы жүлдесі тағайындалады», - деді министр.