Ертеңгі жарқын болашақ біздің қолымызда

Ең алдымен өсіп келе жатқан жас өспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайларды анықтап, зерттеп, сараптағанымыз дұрыс. Мысалы, ата-аналардың баласын тәрбиелеуде уақытының аз болуы, отбасы мүшелерінің бір-бірімен жанжалдасуы, арақ-шарап ішуі немесе есірткі қолдануы, ата-аналардың ажырасуы, міне осындай мәселелер енді өсіп келе жатқан бланың санасына кері әсерін тигізіп, жаман әдеттерді бастауына жол ашады. Қашанда болашағы жарқын, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеп өсіргіміз келсе, тәрбиені өзімізден, отбасымыздан бастау қажет деп түсінемін. Әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері орасан зор. Тәні саудың, жаны сау деп бекер айтылмаса керек. Ертеңгі жарқын болашақ біздің қолымызда, біздің болашақ өміріміздің жалғасы, тірегі – балаларымыз. Сондықтан Қазақстанның дені сау, парасатты, мәдениетті, сауатты, еңбекқор адал ұл-қыздары болып өсіңдер деп, аналық ақ тілегімді білдіргім келеді.
Ләйлә Сағымбаева,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің ата-анасы