МЕН ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН
Жас достар! Бәріміздің де алдымызда жарқын болашақ, биік арман бар. Сол мақсатқа жетем десең, қиыншылықтарды жеңе білу қажет. Ең бастысы – өз-өзіңді жеңе білу. Сәл қиындық түскенде оны есірткі арқылы тарқату – өз-өзіңді алдағаның. Бұл тығырықтан шығар жол емес.
БҰҰ-ның мәліметінше, жер бетінде есірткі пайдаланушылардың саны 200 миллион адамға жеткен екен. Ал біздің елімізде нашақорлық дертіне шалдыққандар саны 52 мыңнан асып жығылса, оның 60 пайызы 15 жастан бастап 30 жасқа дейінгі жастарды қамтиды. Осыдан-ақ, жастар арасында қоғам дерті белең алып отырғанын білуге болады. Бұл, әрине, өкінішті жәйт. Есірткіге құмарлық – қоғамның кеселі. Онымен барша жұрт қарсы күресуі тиіс. Оның алғы шебінде жастар бұдан бас тартуы қажет. Сол кезде жарқын өмірге бет аламыз. Жас достар, нашақорлық пен есірткіден аулақ болайық!
Нашақорлық – ғасыр дерті, сан сананы улаған,
Жас өркенді көктей жұлып, жалмауыздай жалмаған.
Жер бетінен «Нашақорлық жойылсын!» деп жар салам,
Ұлы армандар адаспасын ата-бабам аңсаған.
Байлық емес, бар дүниенің кілті олай ойлама,
Бір күндігің үшін ғана думандатып тойлама.
Ұлы дала ұл-қызымыз, біздің ата-бабамыз
Бұдан жаман күндерінде барған талай тойға да.
Нашақорлық – түбі қорлық, қап-қараңғы шыңырау,
Өміріңнің құлағаны – төмен қарай құлдырау.
Заманымнан оздым деме уытқұмар, құрғыр-ау!
Тіршіліктен ал еншіңді ағыл-тегіл тұр мынау.
Міне, мынау еңбек деген бар байлықтың атасы,
Міне, мынау білім, өнер даналардың батасы.
Денсаулықты бағалай біл, сақта бардың қадірін
Есірткіде жатыр ажал – сұрқияның балтасы.
Бабаларым біздер үшін байтақ жерді қалдырды,
Ұрпағы үшін аласұрып, басын тауға, тасқа ұрды.
Кім қорғамақ халқымыздың қолындағы асылды?
Кім сыйлайды есірткіге есі кеткен масылды?..
Сапалы ұлт бәсекеге төтеп берер ғаламдық,
Онсыз да біз талай мәрте тоз-тоз болып таландық.
Нашақорлық бәле болып бөрік астын торып жүр
Жас достарым, мен тілеймін баршаңызға амандық!
Інжу Дүйсенғалиева,
№126 орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
Қалжан ахун ауылы
№126 орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
Қалжан ахун ауылы