Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Маңызды мәселе назардан тыс қалмауы тиіс

Маңызды мәселе назардан тыс қалмауы тиіс

Бүгін Шіркейлі ауылдық округі әкімі аппаратында ауыл əкімі Т.Құламқадіровтың төрағалығымен мəжіліс өтті. Мәжіліске ауылдық округке қарасты мекеме басшылары қатысты.

Жиында күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес, əлеуметтік нысандардың жылу берілуі мен қазандықтарды үнемі бақылауда ұстауы ескертілді. Мереке күндері кезекшілікті ұйымдастыру, қандай да бір қауіптің алдын алуға байланысты тапсырма берілді.

Сондай-ақ 2019 жылдың қорытындысына байланысты, əр мекемеден үздік қызметкерлерді марапаттау мәселесі талқыланды. Жалпы жылды қорыту, атқарылған жұмыстарға есеп беру, алдағы жылды жоспарлау сияқты мәселелер бойынша мәжіліс тиісті қаулы қабылдады.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
26 желтоқсан 2019 ж. 526 0