Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШІРКЕЙЛІ АУЫЛЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ШІРКЕЙЛІ АУЫЛЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес бүгін Шіркейлі ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті.
Есеп беру жиынына облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев 2018 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
2018 жүзеге асырылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өткен аудан басшысы жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19,3 пайызға артқанын жеткізді. Сонымен бірге, алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталып, жоспарлы жұмыстарды бірлесе атқару қажеттігін атап өтті.
Есеп беру жиыны барысында Шіркейлі ауылдық округінің әкімі Т.Құламқадіров, Шіркейлі ауылдық учаскелік полиция инспекторы Ғ.Райсов есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебін берді.
Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін аудан басшысы ағымдағы жылы ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамытуға және жастарды қолдауға ерекше басымдық берілетінін атап өтті.
Жиын соңында еңбек ардагері Б.Синаева, ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы Қ,Әбілқасымов сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің жұмысын жоғары бағалады. Ауыл ақсақалы Б.Мақашев ақ батасын берді.
Айта кету керек, Шіркейлі ауылдық округі бойынша 510 отбасында 2745 тұрғын тұрады. Оның ішінде 272 зейнеткер, 44 «Алтын алқа» иегері, 55 «Күміс алқа» иегері, 10 «Батыр ана» бар. Тұрғындардың 1098-і экономикалық тұрғыдан белсенді болып саналады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
16 қаңтар 2019 ж. 949 0