Бірқатар мәселе талқыға түсті
Бұрнағы күні әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша сала басшылары хабарлама жасады. Мектеп бітіруші түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы және мектеп бітіру кешін ұйымдастыру туралы білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева хабарлама жасап, ҰБТ-ны ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары, мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанатты жиынды мектепшілік, тәрбиелік мәні зор шара ретінде өткізу үшін жасалған жұмыстарға тоқталды.
Ең бастысы осыны түлектер өздері түсініп, облыста бірінші болып, сәнді көйлек кимеуге, түлектердің мектеп бітіру кешін думанды тойға ұластырмай, керісінше есте қаларлық жай ғана түлектер кешіне айналдыруды көздеп отырғандығы айтылды.
«Е-халық» ақпараттық жүйесіне кент және ауылдық округтер бойынша тұрғындардың әлеуметтік картасын енгізу туралы – жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Нұртазаев айтып өтті.
Аудан көлеміндегі жер мәселесіне байланысты атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттерге жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Омаров тоқталды.
Төртінші деңгейлі бюджет бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Сыздықов хабарлама жасады.
С.СҰЛТАНҚЫЗЫ