Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

12 сәуір 2025 ж.

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » "Жолда қабылдау" акциясы ауданда жалғасын тапты

"Жолда қабылдау" акциясы ауданда жалғасын тапты

Аудан тұрғындары арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бұрнағы күні Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде "Жолда қабылдау" акциясы өтті.
Акцияны Қызылорда облыстық Полиция департаментінің бастамасымен аудандық полиция бөлімі ұйымдастырған болатын.
Шараның мақсаты құқықтық кеңес беру, Заң талаптарын түсіндіру болып табылады. Сонымен бірге, аталған акция алдағы уақытта құқық бұзушылық әрекеттерді азайтуға өз септігін тигізері анық.
"Жолда қабылдау" акциясында ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы құқықтық кеңестер берілді.
Айта кету керек, аудан әкімдігінің қолдауымен құқықтық кеңес беру бағытындағы іс-шаралар аудан мектептерінде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

"ТТ"-ақпарат
22 желтоқсан 2019 ж. 544 0