Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ИГІ ШАРАДАН ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР БАР МА?

ИГІ ШАРАДАН ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР БАР МА?

Аудан тұрғындары арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде бұрнағы күні "Жолда қабылдау" акциясы өтті.
Акцияны Қызылорда облыстың Полиция департаментінің бастамасымен аудандық полиция бөлімі ұйымдастырды.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген аудандық полиция бөлімінің мамандары жұмыстарды ашықтыққа негіздеу, құқықтық кеңес беру, Заң талаптарын түсіндіру басты мақсат екенін айтып берді. Сонымен бірге, аталған акция құқықбұзушылық әрекеттерін азайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
"Жолда қабылдау" акциясында ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы құқықтық кеңестер берілді.
Айта кету керек, аудан әкімдігінің қолдауымен құқықтық кеңес беру бағытындағы іс-шаралар аудан мектептерінде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Б.ОРДАБЕКОВ

18 тамыз 2019 ж. 657 0