Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Кеше аудан орталығында «Жолда қабылдау» акциясы басталды. Оның аясында жергілікті полиция қызметкерлері тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Мұндағы мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осыған орай, тұрғындар көкейдегі сұрақты қойып, жауап алды.
«Жолда қабылдау» акциясы бұған дейін де бірнеше рет өткізілді. Онда да сырдариялықтар жол қауіпсіздігіне, қылмысқа қатысты толғандырған сауалдарын жеткізіп, біршама мәселенің басын ашып алған болатын. Бұл жолы да жол көлік оқиғасына, жол ережесіне, жылдамдықты арттыруға қатысты сұрақтар қойылды.
– Мұндай акцияның тұрғындар үшін өте тиімді. Өйткені, қылмысқа қатысты, сонымен бірге жол ережесін сақтау заңдылықтарын халыққа құлақтандырып отырудың қоғамға пайдасы көп. Сол себепті де «Жолда қабылдау» акциясы жиі ұйымдастырылады. Өз тарапымыздан тұрғындар сауалына жауап берудеміз, – дейді АПБ ЖПҚб-нің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ә.Әбдірасыл.
Айта кетейік, бұл акция бүгін де жалғасын табуда.

Е.БЕРКІНБАЕВ
18 мамыр 2019 ж. 1 655 0