Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА "ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ" АКЦИЯСЫ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА "ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ" АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Аудан тұрғындары арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгін Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде 19-20 шілде күндері "Жолда қабылдау" акциясы өтті.
Акцияны Қызылорда облыстың Полиция департаментінің бастамасымен аудандық полиция бөлімі ұйымдастырды.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген аудандық полиция бөлімінің мамандары жұмыстарды ашықтыққа негіздеу, құқықтық кеңес беру, Заң талаптарын түсіндіру басты мақсат екенін атап өтті. Сонымен бірге, аталған акция құқықбұзушылық әрекеттерін азайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
"Жолда қабылдау" акциясында ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы құқықтық кеңестер берілді.
Айта кету керек, аудан әкімдігінің қолдауымен құқықтық кеңес беру бағытындағы іс-шаралар аудан мектептерінде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
20 шілде 2019 ж. 1 147 0