Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күресу – ел мүддесіне ие болу

Жемқорлықпен күресу – ел мүддесіне ие болу

Жемқорлық – дамуды тежейтін, елдің өсіп-өркендеуіне кері әсер ете­тін қылмыс. Бүгінде ел Президентінің тапсырмасымен сыбайлас жем­қорлықтың алдын алу мен болдырмау бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Жақында аудан­дық мемлекеттік кірістер басқар­ма­сында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде бас­қарма басшысы Нұрлан Нұрсейітов сыбайлас жем­қорлықты болдырмау, оның ал­дын алу мақсатында атқарылып жат­қан жұмыс­тар жөнінде хабарлама жасады. Салық есептілігін тапсыру кезінде қызмет алушы мен қызмет көрсетуші бетпе-бет кездеспейтінін, жұмыс барысында цифр­лы технологиялар кеңінен қолданылып жатқанын айтқан басқарма басшысы мобильді қосымшаны пайдалану жем­қорлық тәуекелдерін жоюға тікелей әсер еткенін атап өтті.
Жиын барысында аудан прокуроры Ерлан Алмазұлы жем­қорлық мәселесі өткен ғасырда көп жа­рия­ланбағанын, ал қазір керісінше ақпараттың қолжетімділігі орын алған сыбайлас жемқорлық фактісі туралы жылдам білуге болатынын тілге тиек етті.
– Халыққа қызмет көрсетуді электронды жүйеге ауыстыру аталған дерттің алдын алатыны дәлелденді. Ауданда ат­қарылған көптеген шаралардың арқа­сында өткен жылы мұндай фактінің бірде біреуі ор­ын ал­маған. Кәсіпкерлерді тексеруге мора­торийдің жариялануы көптеген кедер­гілер­ді болдырмауға септігін тигі­зеді, – деді аудан прокуроры.
Өз кезегінде Nur Otan партиясы ау­дандық филиалының кеңесшісі Берік Ах­метов партия жобаларында жемқор­лыққа қарсы жұмыстарды жүргізуге басымдық берілгенін тоқталды.
– Бүгінде жетекші партия сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, жоюға бағытталған бірқатар партиялық жобаларды қолға алды. Сондықтан қылмыспен күресті күшейту үшін партияның барлық ресурсы жұмылдырылуда. Қоғамдық қа­был­­­дауға келген азамат осы мәселеге қа­тыс­ты қандай да бір ақпарат, ұсы­ныс берсе, оны талдап, қажет жағдайда партия тарапынан нақты шаралар қабылданады. Бұл ел дамуы үшін қол­ға алынған жұмыстардың сапасын арт­тыруға, халықтың билікке деген сені­мін нығайтуға әсер етеді, – деді Берік Ахметов.
19 желтоқсан 2019 ж. 506 0