СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БОЛЫП ӨТТІ.
Бұрнағы күні "NUR OTAN" партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын-алуға байланысты дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып ашып, жүргізіп отырды. Шараға облыстық Әділет департаментінің бөлім басшылары Е.Тажикенов пен Э.Абдыкалыкова және Сырдария ауданы прокуроры Е.Алмазұлы, аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.Дайрабаев және сала мамандары қатысты.
Шара барысында сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіретіндігі жайында сөз қозғалды.