Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Білім бәсекесінде бақ сынады

Білім бәсекесінде бақ сынады

Бұрнағы күні ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай  аудандық музейдің «Еңбек даңқы» залында «Тәуелсіздік тұтқасы жастарға аманат» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Шараға №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейден «Зейін» тобы, №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейден «Жігер» тобы, №131 Т.Қозыбаев атындағы мектептен «Болашақ барыстары» тобы және №210 О.Әбілпаттаев атындағы мектептен «Жас тұлпар» тобы қатысты.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын арттыру, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу болып табылады.
Білім сайысында оқушылар «Топ басшысының топты таныстыруы», «Бәйге», «Суреттер сыр шертеді» және «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңдер бойынша бақ сынады. Барлық топтар білім кеңістіктерінің кең, деңгейлерінің жоғары екендігін дәлелдеп, жақсы ойын көрсете білді. Жеңімпаз топтарға "Диплом" мен бағалы сыйлық табысталды.
15 желтоқсан 2019 ж. 491 0