Партиялық кадрлық резерв құрамын жаңа мүшелер толықтырды

Атап өту керек еліміздің барлық өңірлерінде қолға алынған бұл жоба Орталық партия аппаратымен бекітілген арнай жоспарға сәйкес Қызылорда облысында, Сырдария аудандық партия филиалында жүргізілді. Бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылған жобаға өз жерлестерінің арасында сенім мен жоғары беделге ие азаматтар олардың қатарында педагогтар, дәрігерлер, кәсіпкерлер, журналистер, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері барлығы 47 азамат өтініш білдіріп, өз бағдарламаларын халық арасында кеңінен насихаттады. Өзара пікірталасқа түсіп, негізгі мақсат-міндеттерін де партияластарына жеткізді.
Бас аяғы 20 күнге созылған жұмыстарда өздерін жан-жақты көрсете білген үміткерлер партияластарының жоғары дауысына ие болды.
Анықтама үшін: дауыс беру ауданның 19 аумағында ашық форматта ұйымдастырылып, 4 мыңға жуық партияластары мен жасотандықтар өз таңдауын жасады. Яғни, үміткерлерге дауыс берушілердің үлес салмағы 99,8 пайызды құрады.

