Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үміткерлер арасында дебат өткізілді

Үміткерлер арасында дебат өткізілді

Ағымдағы жылдың 21 тамыз күні Елбасы, «Nur Otan» Партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілген болатын. Онда Елбасы партия жұмысын жүйелі жаңғыртудың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасын ұсынды. Аталған Жаңғыру бағдарламасында партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партия жанына белсенді азаматтарды топтастыру, яғни партияның ядролық электоратын қалыптастыру қажеттігін тапсырған болатын.
(Ядролық электорат дегеніміз - бұл халықтың арасынан шыққан, оның барлық мұң - мұқтажын білетін, жаңа қоғамдық пікір иелерінің тобы (пулы).
Осы мақсатта Қызылорда облысында «Nur Otan» партиясының Сырдария аудандық филиалының кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары қолға алынып отыр.
Аудан бойынша кадрлық резервке 20 жастан асқан 47 үміткер тіркелді. Тіркеу жұмыстары ережеге сәйкес 28 қазан мен 4 қараша аралығында жүргізілді.
Осы ережеде 5 қараша мен 15 қараша аралығы үміткерлерімізге өз бағдарламаларын насихатау көзделген.
Бүгінгі өткізілген пікір сайысы (дебаты) да үміткерлер үшін өз бағдарламасының негізігі ережелерін таныстыруға жасалып отырған мүмкіндік.
Тереңөзек кентінің мәдениет үйінде ұйымдастырылған ашық пікір алаңында 6 үміткер өз бағдарламаларын жан-жақты таныстырды.
Пікір талас сайысы негізігі 3 кезеңнен тұрды.
Бірінші кезеңде үміткерлердің әр қайсысына 5 минуттан уақыт беріліп, олар өзін таныстырып, партиялық резерв құрамына енуінің негізгі мақсаты және өзінің бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Екінші кезеңде ұйымдастыру комитетімен бекітілген «Аумақтың өзекті мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Және пікір сайысының соңғы үшінші кезеңінде үміткерлер бір-біріне нақты сауалдар қойып жауап алды.
Жалпы партияның кадрлық резервіне үміткерлер арасындағы пікірталас кезеңі аудан бойынша 11-12 қараша аралығында 6 жерде ұйымдастыралады.
Қосымша ақпарат: Сырдария аудандық кадрлық резервіне үміткер 47 азаматтың бағдарламалары аудандық газетте және әлеуметтік желілерде жарияланды.
Өтініш білдірген 47 азаматтың 18 (38,3%) әйелдер. Соның ішінде, 35 жасқа дейінгілер 21 (44,7%), 35-50 жас аралығы 18 (38,3%), 50 жастан жоғары 8 (17,0%). Оның ішінде 45 (95,7%) қазақ, 1 (2,1%) орыс, 1 (2,1%) өзге ұлт өкілі.
Сырдария ауандық партия филиалы мүшелерінің саны – 3761 адам, бастауыш партия ұйымдарының саны – 24.

11 қараша 2019 ж. 813 0