Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауыс беру жұмыстары мәресіне жетті

Дауыс беру жұмыстары мәресіне жетті

Қызылордада «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық партия филиалының кадрлық резервіне үміткерлерді таңдау бүгін өз мәресіне жетті.
Кадрлық резерв жасақтау биыл бірінші рет пилоттық режимде Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партияны жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізіліп отыр.
Бағдарлама аясында Партия Төрағасы партия жанына отаншыл, елге жанашыр азаматтарды топтастыру, яғни партияның ядролық электаратын қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы міндетті жүзеге асыру аясында Қызылорда облысы, Сырдария аудандық партия филиалының кадрлық резервіне үміткерлерді іріктеу жұмыстары жүргізілді.
Атап өту керек еліміздің барлық өңірлерінде қолға алынған бұл жоба Орталық партия аппаратымен бекітілген арнай жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілді. 28 қазан мен 4 қараша аралығында үміткерлер өз кандидатуралын ұсынып, тіркелсе, 5-15 қараша аралығында өз бағдарламаларын халық арасында кеңінен насихаттады. Өзара пікірталасқа түсіп, негізгі мақсат-міндеттерін де партияластарына жеткізді. Бас аяғы 20 күнге созылған іріктеу жұмыстары бүгін өз мәресіне жетіп, партияластары үздіктерді анықтады.
Тіркелген үміткерлерге дауыс беру ауданның 19 аумағында ашық форматта ұйымдастырылып, 4 мыңға жуық партияластары мен жасотандықтар өз таңдауын жасады. Яғни, үміткерлерге дауыс берушілердің үлес салмағы 99,8 пайызды құрады.
Ең көп дауыс жинаған үмтікерлер тізімі ертең партия филиалының ресми парақшасында жарияланатын болады.
16 қараша 2019 ж. 1 484 0