Білікті маман партия қатарын толықтырады

– Бұл – жалынды жастарға зор қолдау. Еліміздегі жетекші партияның кадрлық резервін жасақтау арқылы біз белсенділер қатарын арттырмақпыз. Сондай-ақ осы іріктеу нәтижесінде партияға лайықты емес мүшелерді қатардан шығаруды да жүзеге асырамыз. Сол кезде ашықтық пен жариялықты қамтамасыз етіп келе жатқан партия жұмысы жанданатынына сеніміз мол, – деді Ерлан Жағыппарұлы.
Кездесуде «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып сөз сөйлеп, кадрлық резервті жасақтау жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жан-жақты ақпараттандырып, қауырт желі іске қосылғанын атап өтті. Құжаттарды тапсыру реттілігін жеткізді.
Жиын барысында жастар партияның кадрлық резервіне қызығушылық танытып, құжаттар тапсыру талаптарын сұрап білді.
Е.БЕРКІНБАЕВ