Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ғасыр дертімен күрес тоқтамайды

Ғасыр дертімен күрес тоқтамайды

Жақында «Достық» үйінде №1 кітапхана ұжымы мен аудандық медицина қызметкерлері бірлесіп, нашақорлықтың алдын алуға қатысты жастармен кездесу өткізді. Жиын барысында аудандық емхананың нарколог маманы Қ.Жұмабеков дерттің адам өміріне ғана емес, қоғамға зиян тигізетінін атап көрсетті.
Нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Статистикаға сүйенсек, еліміз бойынша 30 мың адам осы ғасыр дертімен ауырады екен. Нашақордың есірткіден улануы оның бүкіл психикасын өзгертеді. Адамның жүйке жүйесін бір­ден улап, ақылмен істейтін жұмыс­тардан бас тартатын болады. Сон­дай-ақ өмірге қажетті бар­лық жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі төмен болып, ен­жар өмір кешеді. Ең қатерлісі – нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіп­ті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды. Сондықтан да есірт­кіні тұтынушылар – қайғылы оқиға­лардың басты себепкері.
Кездесуде есірткіге жастар қар­сы тұрып, олар спортпен шұғыл­­­дану керектігі айтылды. Мұнымен қоғам болып күресу – жарқын болашаққа жол ашатынын жеткізді.

Майя ҚОЖАБАЙ

04 желтоқсан 2019 ж. 459 0