Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТҚА ТӨНГЕН ҚАУІППЕН КҮРЕС

ҰЛТҚА ТӨНГЕН ҚАУІППЕН КҮРЕС


Адам санасын улап, айықпас дертке апаратын нашақорлық туралы айтылып та, қарсы күрес шаралары да атқарылуда. Қоғамға үндеу салған кеңейтілген жиында құқық қорғау органының қызметкерлері көптеген мәліметтер айтты. Соның ішінде нашақорлықты бизнес­ке айналдыру үшін егістік алқаптарға егу саны да көбейгені алаңдатады. Өз ұрпағына, келешегіне балта шабу саналы азаматтың ісі емес. «Менің отбасымды айналып өтеді» деген сеніммен бей-жай қарап отыру да қателік болар. Себебі адамның жасын талғамайтын тажалға айналып бара жатқан нашақорлық шын мәнінде қасірет. Жас ұрпақтың санасына жастайынан не сіңірсең, сол миында қатталып қалады. Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда есірткіге тәуелділік қалай басталып, немен аяқталатынын айтудан қашпау керек. Есірткі затын егіп, оны сататындардың жазасы да қатаң екенін және өмір бойы оның салдары жойылмайтынын айтып, ұғындыру саналы азаматтың міндеті. Мектеп қабырғасында жүріп, бір-біріне еліктеп, «бір рет шылым шеккеннің кесірі тимес» деген қате ұғым екенін түсіндіруден шаршамау қажет. Қазір мектептің ер мұғалімдеріне мектеп ауласында тұрып, шылым шегуге тыйым салынды. Өте дұрыс нәрсе. Себебі бала еліктегіш келеді, бала көргенін істейді. Сондықтан мұғалімнің өзі мәдениеттілікті сақтап, үлгі көрсетсе, оқушы да ұстазына ұқсағысы келетіні анық. Қарапайым осындай мысал арқылы біз қоғамға төнген қауіптің алдын аламыз, әрі өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғаймыз.
Досбол ӘЛШЕРОВ,
аудан әкімі аппараты мемлекеттік- құқықтық жұмыстары
бөлімінің басшысы
27 маусым 2018 ж. 1 064 0