Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мен жемқорлыққа қарсымын!»

«Мен жемқорлыққа қарсымын!»

Бүгінде қоғам үшін қауіпті құбылыс саналатын жемқорлық дертімен күрес күшейіп келеді. Онымен тек құзырлы органдар ғана емес, үкіметтік емес ұйымдар да осынау іске бел шеше кірісіп кеткен. Кейбір статистикалық мәліметтерде еліміз бойынша 17 миллиард теңге келтірілген залал өндірілгені айтылады. Жалпы, жемқорлық санатындағы қылмыс ол – пара беру. Ал пара беру қылмысы көбіне лауазымды қызметке тұрғанда немесе сатылап өсу жағдайында беріледі екен. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың бұл түрі көбіне білім, медицина саласында, тұрғын үй алу, жер алу кезегінде де орын алатыны көп айтылады. Бірақ, пара алушы ғана емес, пара берушіге де жауапкершілік артылып отыр. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады. Экономикалық дамуына тосқауыл қояды. Әсіресе, экономикалық қылмыстыөршітеді. Алайда көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады.
Жақында аудандық мәдениет үйінде «Мен жемқор­лыққа қарсымын!» атты шара болып, оған жастар өкілдері, мекеме басшылары, БАҚ өкіл­дері қатысты. Шараны ұйымдастырушылар «Самұ­рық» инновациялық идеяларды дамыту орта­лы­ғының директоры Ж.Тұсмағанбетов осы қа­уіп­ті дерттің алдын алуда жастар белсенді болу керектігін атап өтсе, «Nur Otan» партиясы ау­дан­дық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов те жем­қор­лықсыз қоғам үшін күресуге үндеді.
Акция барысында «Орда» би тобының, «Сырдария» квартетінің орындауында ән мен биге кезек беріліп, көрермен қошеметіне бөленді.

«ТТ» ақпарат
30 шілде 2019 ж. 1 396 0