Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «ТҮПСІЗ ТҰҢҒИЫҚ» АҚПАРАТ САҒАТЫ

«ТҮПСІЗ ТҰҢҒИЫҚ» АҚПАРАТ САҒАТЫ

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Түпсіз тұңғиық» атты нашақорлықпен күреске арналған ақпарат сағаты өткізілді.
Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Осы орайда, жастарды жаман әдеттен арылту мақсатында оқу залы секторында «Түпсіз тұңғиық» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды.
Шараның түпкі мақсаты – адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.
Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа баулу.
Шараға Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің жастар ісі жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Т.Меңдібаев, аталған колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараға қатысқан оқырмандарға «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.



https://syr-media.kz/


17 қыркүйек 2018 ж. 653 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам