Тізгін және 100 күн
Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы, көпшіліктің тілімен айтсақ, қазақ тілінің һәм руханиятының жанашыры Руслан Рүстемовтің Сырдария ауданының тізгінін ұстағанына ертең, яғни 5 желтоқсанда 100 күн толады. Сәл кейінге шегінсек, ауданды алты жылдан астам абыроймен басқарған Ғанибек Қазантаевтан кейін облыс көлемінде жемісті еңбек етіп келе жатқан Руслан Рүстемов 28 тамызда Сырдария ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Міне, бүгін қас-қағым сәтте өте шыққан жүз күнде не істелді және алдағы уақыттың еншісінде не істелмекші, жалпы аудан басшысының алғашқы аяқалысы мен жоспарлары жөнінде төртінші билік өкілі ретінде аз-кем сараптауды жөн көрдік.
ЖҰРТШЫЛЫҚ БАҒАСЫ НЕМЕСЕ ЖАЗЫЛМАҒАН ЗАҢ
Мемлекеттік қызметте жазылмаған «заң» немесе қалыптасқан қағида бар. Ол кез келген басшының жаңа қызметке тағайындалғаннан кейінгі алғашқы жүз күніне жұртшылық тарапынан баға берілуі. Бұл заңдылық та шығар. Бірақ жүз күнде барлық мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес екені тағы да анық. Десе де, үш айға жуық уақытта қай істің де даму бағыты айқындалып, тың бастамалар қалыптасады.
Соңғы алты жылда ауданды төрге сүйреген Ғанибек Қонысбекұлы Сырдария ауданының облыста өзіндік орнын қалыптастырды. Ауданда үлгілі істер жүзеге асып, республика бойынша тұңғыш рет аудандық бюджет есебінен әлеуметтік нысандар салынды. «Үздік аудан» және «Озат аудан» аталымы бойынша марапат биігінен көрінген сырдариялықтар бір сөзбен айтқанда көптеген биік белесті бағындырды.
Әрине, осындай басшыдан кейін халық жаңа басшының қызметіне ерекше көзқараста болатыны сөзсіз. Оның үстіне қарапайым халықтың, қазіргідей әлеуметтік желінің әлеуеті артқан тұста бәріне салыстырмалы түрде қарайтыны да белгілі. Енді мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен аудан басшысының тұрғындар арасында ең алдымен қай қырымен есте қалып, танылғанына тоқталайық.
«ӘКІМ АҚЫН ЕКЕН»
Тағайындалғанына бір күн өткеннен кейін аудан әкімі Руслан Рүстемов Ата Заң мерекесіне арналған салтанатты жиынға қатысты. Аудандық мәдениет үйінде өткен жиында әкім құттықтау сөз сөйлегенде зал сілтідей тынып қалды. Сүбелі сөз, орнықты ой, пайымды пікір, өткір өлең аудан әкімінің терең білім иесі екенін айшықтап тұрды. Ерекше сөз саптауымен қазақ тілінің шырайын аша түскен аудан басшысы қағазға қарамастан егемен елдің арғы-бергі тарихын түсінікті тілде жеткізіп, Ата Заңның мерей-мәртебесін асырып, абырой-беделін биіктетті. Жиналған жұртшылық жаңа әкімнің сөзшең екенін және қазақ тілін жетік меңгергенін аңғарды. Салтанатты жиыннан кейін тұрғындар арасында «Әкім сөзшең және ақын екен» деген сөздер айтылып жатты... Бұл бірінші басшының аудан тұрғындары алдындағы ең алғашқы танылуы еді.
ӘЛЕУМЕТКЕ ЖАҚЫН ӘКІМ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ ТІРКЕЛДІ
Қазір әлеуметтік желінің әлеуеті артқан кезең. Осыны ескерген аудан басшысы 29 тамыздан бастап фейсбук әлеуметтік желісіне тіркеліп, жеке парақша ашты. Парақшаға алғашқы күннен бастап тіркелушілердің саны көп болды. Бүгінде аудан әкімінің әлеуметтік желіде 500 «досы» бар.
Аудан басшысы желіге жариялаған ең алғашқы жазбасын көпшілікке арнады. Жазбада «Өздеріңізге белгілі, облыс әкімі Қ.Д.Ысқақовтың өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Сырдария аудандық мәслихатының келісімімен Сырдария ауданының әкімі қызметіне тағайындалдым. Бұл мен үшін зор абырой, артылған сенім мен үлкен жауапкершілік. Басты мақсатым – Елбасы мен Мемлекет басшысының саясатын дәйекті түрде жүргізіп, Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында адал еңбек ету. Алдағы уақытта ауданның өсіп-өркендеуі бағытында аудан активімен, аудандық мәслихат депутаттарымен, алдыңғы буын ардагер аға-апалармен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, белсенді жастармен бірлесе жұмыс жасайтын боламыз. Жаңа қызметке тағайындалуыма байланысты пікір білдіріп, сәттілік тілеп, тілектес болып жатқан баршаңызға шынайы алғысымды айтамын! Қасиетті Сыр елі дами берсін! Лайым, жақсы жаңалықтар көп болсын!» делінген. Бұл аудан әкімінің кез келген азаматпен ашық диалог орнатуға, қолжетімділік қағидатын қолдауға дайын екенін білдіреді.
Аудан әкімі қызметіне кіріскелі бері Руслан Рүстемов жеке парақшасы арқылы өз атынан 23 жазба жарияласа, өзге парақшаларда жарияланған 53 жаңалықты бөлісіпті. Сонымен қатар әкімнің әр жазбасына 100-ден аса лайк басылатынын да атап өткеніміз жөн. Парақшада аудан басшысының қатысуымен өткен аппарат мәжілістерінде көтерілген мәселелер, берілген тапсырмалар, жиналыстар мен кездесулер жөнінде мәлімет және құттықтаулар бар. Бастысы, парақшаға кез келген тұрғын өз пікірін жазып, әкімге сұрақ қоя алады. Бұл ел Президенті айтқан халыққа жақын мемлекет принципінің ауданда нақты іске асқаны деп білеміз.
ЕГІНШІЛЕРГЕ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ
Аудан әкімі қызметіне тағайындалғаннан кейін Руслан Рүстемұлының алғашқы күндері атқарған жұмысы егіншілердің қуанышына ортақтасып, бірнеше ауылдағы егінге орақ салу рәсіміне қатысумен жалғасты. Адал еңбекті ту еткен егіншілер үшін бұл ерекше құрмет екені анық. Ауылдарға жасаған жұмыс сапарында дала еңбеккерлеріне шынайы сәттілік тілеген аудан басшысы барлық жетістіктің астарында маңдай тер мен ізденіс жатқанын және ауданның жоғары жетістікті бағындыруында диқан қауымының үлесі айрықша екенін жеткізді.
Атап өту керек, егіншілердің қуанышын бөлісіп, егінге орақ салу рәсіміне қатысу үшін маңызды жиналыстар мен келелі кездесулерден уақыт табу оңай емес. Мұны мемлекеттік қызмет саласында жұмыс жасағандар жақсы түсінеді. Әкімнің әр минуты есептеулі. Оның үстіне жоғары тұрған органдар тарапынан берілетін көптеген тапсырма бар. Олардың уақытылы, сапалы орындалуы мен жүзеге асырылуын бақылау да аудан басшысының еншісіндегі жауапты іс. Десе де, аудан әкімі тығыз жұмыс кестесіне қарамастан аудан аумағындағы барлық шаруашылықтың егінге орақ салу рәсіміне қатысты.
Тағы бір айта кетерлігі, егін жиналып, қорытындыланған тұста да аудан басшысы дала еңбеккерлерінің жанынан табылды. Бұл ауданның ырыс-құты болып саналатын ақ күрішке, жаз бойы тынбай еңбек еткен адал егіншілерге деген құрметтің белгісі.
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫ
Сырдария ауданының әкімі ауысқаннан кейін тура он күннен соң облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов аймақ басшысы ретінде ауданға алғаш рет жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы бірнеше ауылды аралап, елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысты және ауданды дамыту бағытында атқарылатын жұмыстар айқындалды.
Ең бастысы, ауданға жыл аяғына дейін көгілдір отынның келетіні айтылып, тұрғындар арасында жүрген екіұдай сұрақтарға нүкте қойылды. Расында да қазір ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстардың дұрыс үйлестірілуі аудан басшысының тікелей бақылауында. Бұйырса, алдағы уақытта аудан халқы тарихи жаңалықтың нақты жүзеге асқанын көзбен көріп, игілігін сезінбек.
Тереңөзек кентінде автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатуға республикалық және облыстық бюджеттерден 2019 жылы 1,1 млрд теңге бөлінгенін айта кеткеніміз жөн. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы жыл аяғына дейін газға қосылатын әлеуметтік нысандарды соңғы екі айда жеке-жеке аралады. Салаға жауапты басшылар мен мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырма берілді.
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛА ТҮСТІ
Сырдария ауданынан шыққан даңқты тұлғалардың бейнесі қыркүйектің алғашқы онкүндігінде жол жиегіндегі билбордтарға ілініп, аудан ажары айшықтала түсті. Бұл біріншіден, тағылымды тарихқа құрмет болса, екіншіден тұлғаларға тағзым, еңбектеріне берілген лайықты баға.
Бүгінде Тереңөзек кентінің кіреберісіне жазушы-драматург Қалтай Мұмеджановтың, халық жазушысы Әбділдә Тәжібаевтың, сатира сардары Асқар Тоқмағамбетовтің, «Қыз Жібек» фильмінің режиссері Сұлтанахмет Қожықовтың, қазақ театрының анасы Сәбира Майқанованың суреттері ілініп тұр. Ал Шаған ауылына қарай бағытталған жол жиегіндегі ауданнан шыққан Кеңес Одағының Батыры Жаппасбай Нұрсейітов пен Нағи Ілиясовтың, сонымен бірге Социалистік Еңбек Ерлері Балдырған Мұстафаева, Ибадулла Ақниязов, Ахмет Халықов, Қасым Бөдеев, Дүйсенбай Керейтбаев, Күләнда Әбдіраманова, Цой Ги Хваның суреттері кент келбетін көріктендіре түсті.
Атап өту керек, бұл маңдағы бір билборд Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған Абзал Ералиевке арналды. Себебі, Абзал Жұмашұлының бұл марапаты – ауданның Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген айрықша жетістігі.
Сырдың төрі болған Сырдарияның сұлу келбеті көшелерден де көрініп, ауданда өткенге құрмет көрсетудің, тарихи тұлғаларға тағзым жасаудың өзіндік үлгісі қалыптасты. Бұл да бірінші басшының көрегенділігі.
БІР КҮНДЕ БІРНЕШЕ ШАҚЫРЫМ
Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің қызметтегі тағы бір қыры – жұмыстан кейін аудан көшелерін жаяу аралайтыны. Алғашында біз бұған үйренісе алмағанымыз да жасырын емес. Тіпті, жаяу жүруден арылып, жұмыстан кейін жантаюға әзір тұратын біз алғашқы күндері аздап қиналдық та. Өйткені, аудан басшысы бір күнде жаяу он шақырымнан аса жол жүретінін біреу білсе, біреу білмес.
Әкімнің жаяу жүруі көп мәселенің шешілуіне тікелей әсер етті. Ескірген билбордтар жаңаланып, көше жиегіндегі бардюрлер ретке келтірілді. Кейбір мекеме басшылары «әкім көшемізді аралап қалар» деп аулаларын таза ұстауға дағдыланды. Қызығы сол, аудан басшысы көшеде кездескен әрбір тұрғынмен қарапайым азамат ретінде сөйлесіп, пікірін біліп, кейіннен барып әкім екенін айтып, танысатын. Мұндай сәтте жаяу әкімге таңырқай қарап, таңданысын жасыра алмағандарды да көзімізбен көрдік.
Ал кейде аудан басшысының жаяу жүруінде кездескен аудан аумағындағы кемшіліктер үшін бірінші басшылар сынға ілігіп, ескерту алып жатты. Бір сөзбен айтқанда, аудан әкімінің жұмыстан соң күнделікті жаяу жүруі аудандағы «уақытым өтсе, жалақым түссе» дейтін кей басшыларға сабақ болды. Сондай-ақ кент күл-қоқыстан тазаланып, күрмеуі қиын мәселелердің түйіні тарқады.
АЛҒАШҚЫ АЙ ЖЕҢІСПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қыркүйек айында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов екінші рет Сырдария ауданына жұмыс сапарымен келді. Бұл жолы өңір басшысы мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты. Бірнеше күнге созылған турнир жоғары деңгейде өтті.
Қызығы сол, турнирдің ақтық бәсекесінде Сырдария ауданының спортшылары Тараз қаласының намысын қорғаған сайыпқырандармен кездесті. Бірінші кезеңде сырдариялықтар жеңіске жетсе, екінші кезеңде тараздықтар таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңнен бастап финалдық ойынды тамашалауға аудан басшысы келді. Аудан әкімінің ақтық бәсекені стадионға келіп тамашалауы жергілікті спортшыларға зор серпін сыйлады. Сөйтіп, үшінші кезеңде сырдариялық спортшылар ұпай санымен алға шығып, есеп 2:1 болып өзгерді. Турнирдің төртінші кезеңі өте тартысты өтті. Жанкүйерлерде де есеп жоқ. Жүлделі бірінші орынға таласқан спортшылар барлық күш-қайраттары мен тәжірибесін паш етуде. Алайда төртінші кезеңде тараздықтар ұпай санымен жеңіске жетіп, есеп 2:2 болды. Енді соңғы кезең. Жергілікті спортшылар намысты қолдан бергісі келмейді. Оның үстіне аудан әкімінің өзі келіп, қолдау көрсетуде. Ақтық бәсекеге лайықты ойын өрбіген жарыстың соңғы кезеңінде Сырдария ауданының құрамасы жеңіске жетті. Жарысты тамашалауға келген аудан ардагерлері «Әкімнің қадамы құтты болды» деп бірін-бірі құттықтап жатты. Сөйтіп, бірінші басшының аудандағы алғашқы айы жеңіспен қорытындыланды.
ҚҰРМЕТ ПЕН МІНДЕТ
Қазан айы қарттарға құрмет көрсетумен басталды. Аудан әкімі Руслан Рүстемов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбеновпен және аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікеновпен бірге ең алдымен Ұлы Отан соғысының ардагері Маханбет Бержановқа сәлем берді. Соғыс және еңбек ардагеріне сый-құрмет жасап, зор денсаулық тіледі.
Мұнан кейін Нағи Ілиясов ауылындағы 104 жастағы Балшай Маханбетова мен Қоғалыкөл ауылының 100 жастағы тұрғыны Рахия Ақжанованың шаңырағында болды. Сонымен қатар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевтың қатысуымен салтанатты шара өтті. Шарада бірқатар аудан ардагері «Құрметті ардагер» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапатталды.
Әрине, ардагерді ардақтағаннан ешкім жаман болған жоқ. Қарияларға құрмет көрсету – біздің міндетіміз. Ғасыр жасаған аналар мен өмірі өнегеге толы ардагерлер аудан басшысына ақ батасын берді. Қолға алған бастамаларына жеміс тілеп, шынайы ризашылықтарын білдірді. Бата қабыл болғаны шығар, қазан айы аудан абыройын асқақтатқан маңызды іс-шаралармен есте қалды.
АТЫ ОБЛЫСТЫҚ, ЗАТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС
Қазан айында аудан әкімінің тікелей бастамасымен айтыскер-ақын Замаддин Ибадуллаевтың 80 жылдығына орай облыстық, жо-жоқ аты ғана облыстық, заты республикалық айтыс өтті. «Заңғар ақын Замаддин» тақырыбындағы аламан айтысқа елімізге белгілі 10 ақын қатысып, жыр бәйгесінің көрігін қыздырды. Айта кетерлігі, айтыс барысында Замаддин Ибадуллаевқа «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы беріліп, Замаддин Ибадуллаев атындағы дәстүрлі ақындар клубы өз жұмысын бастады. Марапаттау рәсімінде 300-ге жуық тұрғын тік тұрып қол соғып, ақынға шынайы құрмет көрсетті.
Аудандық мәдениет үйінде өткен айтысқа халық ақыны Әселхан Қалыбекованың келуінің өзі жыр бәйгесінің деңгейін бірнеше сатыға көтерді. Аты облыстық, заты республикалық айтыс көпшілік көңілінен шығып, жырға шөліркеген халық өлең нәрімен сусындады. Ең бастысы, ақынға құрмет көрсетіліп, сексеннің төріндегі ардақты тұлға бір жасап қалды. Бұл әкімнің ақынын іздегенін білдіреді. Бәлкім, барлық әкім осылай ақындарға құрмет көрсетсе, қазақ руханияты әлдеқашан-ақ дамып, әдеби орта жаңа деңгейге көтерілер еді. Бұл орайда ақынын іздеген әкім ел-халықтан алғыс алғаны анық.
ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ
«Жастар жылы» аясында жүргізілген жұмыстарды нақтылау, аудан жастарының ұсыныс-пікірлерін тыңдау, жастардың бастамаларын қолдау мақсатында аудан әкімі Руслан Рүстемов қазан айында аудан жастарымен кездесті.
Еркін форматта өткізілген кездесуге кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық «Жастар ресурстық» орталығының қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық филиал мүшелері, ауданға қарасты ауылдық округтердің белсенді жастары, жастар ұйымдарының жетекшілері, жас кәсіпкерлер қатысты.
Кездесуде аудан жастары өз ұсыныс-пікірлерін айтып, аудан басшысына сұрақтар қойды. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берген аудан әкімі жас буын өкілдеріне ізденісті серік етіп, әркез білімдерін жетілдіріп отыру керектігін айтты. Сондай-ақ, төртінші өнеркәсіптік революция кезеңіндегі дамудың жаңа белестерін бағындыру үшін жастар білімді ғана емес, білікті болуы қажеттігіне назар аударып, жаңа мамандықтар бойынша білім алудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында ағымдағы жылы орын алған төтенше жағдай барысында Арыс қаласын қалпына келтіруге ерікті түрде атсалысқан аудан жастарын Алғыс хатпен марапаттады.
Бұдан бөлек аудан басшысы қазан айында «Эко сағат» акциясы шеңберінде №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі оқушыларының ашық сабағына қатысты. Аудан басшысы ашық сабақ барысында тазалықты ту етіп, саламатты өмір салтын ұстанған оқушыларға лекция оқыды. Сондай-ақ мектеп-лицей оқушыларымен бірге білім ордасының ауласына тал екті.
МӘЖІЛІСМЕНДЕРДІҢ ІССАПАРЫ
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары қараша айында ауданға іссапармен келіп, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті. Көшпелі отырысты Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқарды. Күн тәртібінде Қазақстанда әлеуметтік-отбасылық картаны енгізу және оны қолдану перспективалары, әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсетудің интеграцияланған моделін дамыту, балалардың құқықтарын қорғау, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Іссапар аясында депутаттар аудандағы әлеуметтік нысандар жұмысымен танысып, мекеме қызметкерлерімен және тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ Nur Otan партиясының аудандық филиалы ғимаратында жеке қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда болған аудан тұрғындары тұрғын үй құрылысын жүргізу, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының Шаған ауылы тұсынан айналма жол салу, кенттегі жаңа инфрақұрылым жүргізілген аймаққа жол мен су жеткізу, жұмыспен қамту, темір жолға өткел салу секілді маңызды мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Бүгінде аудан әкімдігі орталық және облыстық атқару органдарымен бірлесіп, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен өтініштерді жүзеге асыру бағытында жұмыс жасауда.
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУҒА 70 АЗАМАТ КЕЛГЕН
Аудан басшысы әр сәрсенбі сайын жеке және заңды тұлғалар өкілдеріне арнап қабылдау өткізеді. Алғашқы 100 күнде аудан әкімінің жеке қабылдауында 70 азамат болған деген мәлімет бар. Оның ішінде 10 азаматтың мәселесі түбегейлі шешілсе, 60 азаматқа заңға сәйкес түсіндірме берілген.
Әкімнің қабылдауында болып, мәселесі шешілген азаматтардың бірі – Тереңөзек кентінің тұрғыны М.Наурызбаев. Ол қайтарымсыз грант алуға көмек сұрап, бүгінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізген.
– Аудан әкімінің қабылдауында 25 қыркүйекте болдым. Жылы қыбылдады, мәселемді байыппен тыңдап, қайтарымсыз грант тағайындау жөнінде түсіндірме берді. Тиісті сала басшыларына құжатымды қарап, ұсынған жобамды қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды. Сөйтіп, қайтарымсыз грантқа ие болдым. Бүгінде кәсіпкерлікке байланысты алғашқы ұмтылыстар жасап жатырмыз, – дейді Мұхит Яқияұлы.
Айта кету керек, аудан басшысы Nur Otan партиясының аудандық филиалында екі рет қабылдау өткізіпті. Мұнда да тұрғындардың өтініші қанағаттандырылып, заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілген.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛЫП, КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің Тереңөзек кентінің бірқатар көшелерін аралап, тұрғындармен кездесуінде кенттің А.Әлиакбаров және С.Усабаев көшелерінің тұрғындары тарапынан «Майжарма» каналының үстіне көпір салу жөнінде бұрын бастама көтеріліп, сол жұмыс кенжелеп қалғаны айтылған еді. Аудан басшысы тұрғындардың өтінішін зерттеп, тезірек шешу бағытында тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, жұмыстың нәтижесін жеке бақылауына алатынын жеткізген. Арада бір ай өтер-өтпестен көпір құрылысы толығымен аяқталып, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілді.
«Майжарма» каналының үстіне салынған көпірдің ұзындығы 12 метр болса, ені 4 метрді құрайды. Құрылыс саласында өзіндік орны бар «Қыран» серіктестігінің демеушілігімен салынған көпірге бетон плита төселіп, оның астыңғы жағы арнайы техникалармен нығыздалған. Сонымен бірге темір жақтаулар орнатылып, сырлау жұмыстары да жүргізілді. Бүгінде көпірден жеңіл автокөліктермен қатар жүк көліктері де емін-еркін қатынауда. Бұл кенттегі көлік кептелісінің ретке келуіне тікелей әсер етуде.
– Бұрын көпір болмаған кезде «Майжарма каналын» айналып өтіп, уақыт шығындайтын едік. Ал каналда су болғанда тіпті қиын еді. Сонымен бірге үйге көмір, отын түсіргенде де жалдаған көлігіміз жол алыстығын алға тартып, артық қаржы төлейтінбіз. Енді алыс жол жақындады. Көпірді салуға атсалысқан барлық азаматқа шынайы алғысымызды айтамыз, – дейді көше тұрғыны Ә.Сүлейменов.
Иә, көпір салу – сауапты іс, халыққа берері мол игілікті жұмыс. Осы ретте, «Майжарма» каналының үстінен көпір салу жобасы бюджет қаражатынан тыс көздерден жүзеге асқанын ескерсек, ауданның берекелі іске бейім екенін аңғарамыз. Лайым, тұрғындардың игілігі үшін жасалатын жүйелі жұмыстар көп болғай!
ИНДУСТРИЯ ИГІЛІГІ
Жасыратыны жоқ, 2017-2018 жылдары индустрияландыру және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына аудан тарапынан бірде-бір жоба ұсынылмаған. Бұл Nur Otan партиясы облыстық филиалының партиялық тыңдауында кеңінен талқыланып, аудан басшысына тиісті тапсырма берілгені есімізде. Жиналыста облыс әкімі «Руслан Рүстемұлы, қызметке жаңа келіп жатырсыз, түсінемін, бірақ сіз жетекшілік ететін ауданда екінші бесжылдықта жұмыстар мүлдем жүргізілмеген, зерттеп қарап, оңтайлы шешім қабылдауды тапсырамын» деген болатын. Осыған байланысты соңғы екі айда аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен бірнеше рет кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінде жұмыс нәтижесіз емес.
Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар аясында кәсіптерін дамытудың мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты мағлұматтар берілуінің негізінде өңірлік индустрияландыру картасына ауданнан жобалар енгізілді. Ол «Шаған» шаруа қожалығының қуаттылығы жылына 630 тоннаны құрайтын күріш ақтау цехының құрылысын салу жобасы. 150 млн теңгені құрайтын жоба жүзеге асса, зауытта айына 70 тонна күріш ақталып, 25 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ «Ақжарма-2» шаруа қожалығымен 2020-2022 жылдарға арналған құны 370 млн теңгені құрайтын жобаға қол қойылды. Меморандум аясында 33 адам жұмыспен қамтылмақ.
ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Асылында, кез келген пилоттық жоба тек лайықты өңірде ғана жүзеге асады. Таңдау да жобаны жүзеге асыруға қабілетті аймаққа түседі. Елбасы жетекшілік ететін Nur Otan партиясының кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары Сыр өңірінде тек Сырдария ауданында ғана іске асырылды.
Nur Otan партиясының жастар кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары ауданда жоғары деңгейде үйлестірілді. Үміткерлердің партия мүшелерімен кездесуі ашық әрі еркін форматта өтті. Жастардың жарқын жетістіктерді бағындыруына жол ашу, жан-жақты білім алуына жағдай жасау мақсатында қолға алынған жоба білікті жастар үшін өте тиімді «әлеуметтік лифт» болды. Әсіресе ауыл жастары үшін үлкен мүмкіндік берді.
28 қазан мен 4 қараша аралығында үміткерлер өз кандидатурасын ұсыну негізінде тіркелсе, 5-15 қараша аралығында өз бағдарламаларын кеңінен насихаттады. Өзара пікірталасқа түсіп, негізгі мақсат-міндеттерін партияластарына жеткізді. Бас аяғы 20 күнге созылған іріктеу жұмыстары 16 қараша күні өз мәресіне жетіп, үздіктер анықталды. Тіркелген үміткерлерге дауыс беру ауданның 19 аумағында ашық форматта ұйымдастырылып, 4 мыңға жуық партияластар мен жасотандықтар өз таңдауын жасады. Яғни, үміткерлерге дауыс берушілердің үлес салмағы 99,8 процентті құрады. Пилоттық жоба бойынша Nur Otan партиясының Сырдария аудандық филиалының жастар кадрлық резервіне енген азаматтар болашақта ауданды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға өз үлестерін қосады деп күтілуде.
100 КҮНДЕГІ АУЫС-ТҮЙІСТЕР
Игі бастамаларды жүзеге асыру үшін білікті кадрлар керек екені белгілі. Алғашқы 100 күнде аудан басшысының өкімімен бірқатар бірінші басшының қызметі ауысты.
Ең алдымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметіне Айгүл Мұхан кірісті. Мұнан кейін аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқаруға облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» мекемесінің басшысы Бауыржан Қарсақбаев келді. Ал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған Айбол Ержанов Айдарлы ауылының әкімі болып сайланды. Кәсіпкерлік саласын дамытуға айрықша басымдық берілуіне байланысты аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ахетов аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бірнеше ай бойы бос тұрған аудандық білім бөлімінің басшылығына бұған дейін Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы №135 орта мектеп директоры болған Қалихан Омаров орналасты. Осылайша, аудан әкімі бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасап, маңызды шешім қабылдады.
Сөз соңы. «Тізгін және 100 күн» тақырыбында жазған мақаламызды қорытар болсақ, есепті кезеңде талай жүздесу өтіп, біраз іс басталғанын аңғарамыз. Десек те, аудан әкімінің атқарғанынан, атқаратыны көп екені сөзсіз. «Ел бастаған жігітті ел қолдаса игі» демекші, сырдариялықтар әкімнің ел игілігі үшін атқаратын жұмыстарына зор үмітпен қарайды. Ежелден бірлікті ту етіп, талай белестерді бағындырған аудан халқы аудан басшысының тың бастамаларына үн қосып, жетістік еселене береді деп сенеміз.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ