Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жайлы отбасы – зорлық-зомбылықсыз қоғам негізі

Жайлы отбасы – зорлық-зомбылықсыз қоғам негізі

Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын нығайту және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Елімізде осы бағытта 18 мамыр мен 8 маусым аралығында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты флешмоб форматындағы ауқымды акция өткізілуде.

Аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі тарапынан отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланыс­ты бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы алғанда, сала мамандары ауданға қарасты білім ошақтарында ата-аналармен кездесулер өткізіп, сан түрлі іс-шараларды жүзеге асыруда.

– Кездесудің негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда құқықтық мәдениетті қалып­тастыру және зорлық-зомбылықсыз орта құру. Сонымен қатар ата-аналар мен жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға басымдық берілуде. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Себебі отбасы – тәрбиенің бастауы, ал отбасындағы тыныштық пен сыйластық қоғамның тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне, тәрбиесіне және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше мән беруі қажет. Бірлескен профилактикалық жұмыстар арқылы ғана біз зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыра аламыз, – деді аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Айгүл Рсымова.

Іс-шара барысында ата-аналарға отбасындағы сыйластық пен түсініс­тіктің маңыздылығы айтылып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауап­кер­­шілігі ерекше екені атап өтілді. Құқық қорғау саласының мамандары қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – баршаға ортақ міндет екенін жеткізді.

Сырдария аудандық полиция бө­лімінің профилактикалық есебіне ерекше талап санатымен 15, қорғау нұсқамасы санатымен 35 азамат енгізілген.

Нұрай МҰРАТҚЫЗЫ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
1-курс студенті
06 маусым 2026 ж. 52 0