Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңа бастауыш партия ұйымы құрылды

Жаңа бастауыш партия ұйымы құрылды

Жақында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Сырдария ауданына арнайы іссапармен келді. Жандос Нұртайұлы Аманкелді және Бесарық ауылына барып, жетекші партия мүшелерімен кездесті. Оған Сырдария аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, «АКЗ ЛТД» серіктестігінің директоры Руслан Каскиев, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, «Абай-Дәулет» серіктестігінің директоры Мұрат Сәрсенбаев, аудандық мәслихат депутаты Гүлнұр Тлеубергенова қатысты.


Ең алдымен, Аманкелді ауылына «АКЗ ЛТД» серіктестігі жанынан құрылған бастауыш партия ұйымының қызметімен танысып, ұйым мүшелерімен және еңбек ұжымымен кез­десті.

Кездесуге «AMANAT» пар­тиясы және серіктестік қыз­меткерлері қатысты. Жұмыс сапа­ры аясында облыстық филиал төрағасына бастауыш партия ұйымының құрылымы, бастауыш партия мүшелерінің қоғамдық-саяси белсенділігі мен алдағы жоспарлары таныс­тырылды. Бұл ретте Жандос Нұртайұлы бастауыш партия ұйымдарының партия жұмы­сындағы маңызына ерекше тоқ­талды.

Ал Бесарық ауылындағы іссапары аясында жетекші партия төрағасы «Абай-Дәулет» серіктестігі жанынан құрылған бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты.

Мұнда жиналған мейман­дар бастауыш партия ұйымының құрылу тарихы, атқарылып жатқан жұмыстары, алдағы жос­парлары және партиялық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы бастамалары таныстырылды. Сонымен қатар ұйым мүшелері ауылдың әлеу­меттік-экономикалық дамуына қатысты өз ұсыныстарын ортаға салып, партиялық жоба­­­лардың тиімділігі жө­нінде пікір алмасты. Жандос Нұртайұлы өз сөзінде бастауыш партия ұйымдарының партия жұмысындағы ерекше рөліне тоқталып өтті.

– Бастауыш партия ұйым­дары – партияның халықпен бай­ланысын нығайтатын негізгі буын. Әрбір бастауыш партия ұйымы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін жинақтап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуі тиіс. Бүгінде «AMANAT» партиясы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы жұмыстардың нәти­желі болуы бастауыш партия ұйымдарының белсен­ділігіне де тікелей байланысты. Сон­дықтан жаңа құрылған ұйымның алдағы қызметіне үлкен сенім артамыз, – деді об­лыс­тық филиал төрағасы.

Кездесу барысында қатысу­шыларға партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Ардагерлерді ар­дақтайық» және өзге де пар­тиялық жобалардың жү­зеге асырылу нәтижелері туралы ақпарат берілді. Өз кезегінде серіктестік директоры Мұрат Сәрсенбаев ауыл шаруа­шы­лығы саласында еңбек етіп жүрген ұжым­ның партия бас­та­маларын қолдайтынын атап өтті. Оның айтуынша, пар­­тия­лық жобалар ауыл тұрғын­дары­ның тұрмыс сапасын жақсартуға, кәсіпкерлікті да­мы­туға және жаңа жұмыс орындарын ашуға оң ықпалын тигізуде.

Бастауыш партия ұйы­мы­ның мүшелері қоғамдық-саяси жұмыстарға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдіріп, елдің дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосатындарын жеткізді. Кездесу соңында облыстық филиал төрағасы бастауыш партия ұйымының мүшелерімен еркін форматта пікірлесіп, олардың ұсы­ныстары мен ой-пікірлерін тың­дады. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, пар­тияның негізгі мақсаты халық­тың мүддесіне қызмет ету екенін атап өтті.
Жиында бірқатар азаматқа партиялық билет және Алғыс хат табысталды.


Б.ЖАНӘЛІ
06 маусым 2026 ж. 75 0