"Алтын қазына" байқауынан республикаға жолдама алды
Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен №9 дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаттары базасында «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығы байқауының облыстық кезеңі өтті.Байқау қорытындысы бойынша аудан мектептерінің оқушылары жүлделі орын алды. Атап айтқанда "Металды көркемдеп өңдеу" номинациясымен №191 орта мектептің 9 сынып оқушысы Ерсайын Абадатдинұлы, жетекшісі Құрманғазы Төкенов І дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Сонымен қатар "Тоқыма бұйымдарын дайындау" номинациясымен және ІІ дәрежелі дипломмен №139 орта мектептің 8 сынып оқушысы Айзере Тәжібай, жетекшісі Жұлдызай Накипова марапатталды.
"Ағашты көркемдеп өңдеу" номинациясында №42 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Қамбар Нұрланұлы, жетекшісі Абылай Сәрсенбаев үшінші орын жүлдегері атанды.
Барлық жеңімпаздарға арнайы сертификат пен сыйлық табысталды.
"ТТ" ақпарат









