Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІМ БӘСЕКЕСІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

БІЛІМ БӘСЕКЕСІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші білімді де саналы ұрпақ қашанда ел мерейін асырады. Мыңнан озып шығып, білім бәсекесінде бақ сынаған сырдариялық өрендер биыл жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Жыл сайын болатын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасына аудандық, облыстық іріктеу кезеңінен өткен білімді жастар қатысты.
Олимпиада биыл 25-30 наурыз күндері Қызылорда қаласында өтті. Республикалық олимпиададан Қызылорда облысының командасы ІІ орын иеленсе, аудан облыс бойынша алғашқы орынға шықты. Республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша Тереңөзек кенті №36 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Еркебұлан Сағатбаев (мұғалімі Р.Есбаева) орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль, Тереңөзек кенті №210 орта мектептің 10-сынып оқушысы Жібек Өмірбекова (мұғалімі Ж.Шакизадақызы) құ­қық пәнінен ІІІ дәрежелі диплом және қо­ла медаль, Шаған ауылы №37 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Назым Серікбаева (мұғалімі М.Аусымбаева) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Үздік шығарма» номинация­сын иеленді.

Б.ЖАНӘЛІ
07 сәуір 2019 ж. 1 029 0