Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Айдарлылықтар белсенді

Айдарлылықтар белсенді

Ауданға қарасты Айдарлы ауылы тұрғындарының аудандық газетке деген көзқарасы ерекше екен. Бұрнағы күні айдарлылықтардың белсенділігін байқадық. Түс ауа елді мекендегі "Нұр-Сәби" балабақшасының қызметкері Гүлзада Паттеева хабарласты. "Ерекше бастамаларыңызға үн қосып, бір ардагерді аудандық газетке жазып берсек деп едік" деген ықыласын білдірді. Қуанып кеттік. Өйткені әрбір саланың ардагеріне әрбір ұжым осындай ілтипат білдіріп жатырғаны көңілге қуаныш сыйлайды. Газетке жаздырып беру – бұл да ерекше құрметтің бірі деп білеміз. Аталған салада қажырлы еңбек еткен Өмірәлі Монтахаев енді алдағы жартыжылдықта аудан тынысымен етене танысып, көптеген жаңалықтарға қанық болады. Осындай мүмкіндік жасаған балабақша ұжымына алғыс білдіреміз!
Мұндай игі іске үн қосушылар болса 87078237441 телефонына хабарласуға немесе whatsapp-қа жазуына болады. Ардагерге құрмет көрсетіп, алғысын алғаннан ешкім жаман болмасы белгілі.

24 қараша 2019 ж. 374 0