Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 100 ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛДЫ

100 ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛДЫ

Біздің оқырмандарымыздың басым көпшілігі аудан халқы болып саналады. Сонымен қатар, әр салада табанды еңбек етіп жүрген азаматтардың басылымға деген қызығушылығы басым. Газетке жазылудың екінші жарты жылдығында жұмысты жүйелі атқарған әрбір мекемеге айтар алғысымыз шексіз. Оның ішінде, жылдағы жоспардан артық меже көрсеткен «Казсушар» РМК Арал СЖКБД филиалына қарасты аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі ұжымын ерекше атап өткіміз келеді. Болат Дүзімбетов басқарып отырған мекеме тарапынан қай кезде де басылымға жазылу ыждағатылықпен орындалып, белсенді түрде қолдау көрсетіліп келеді. Аталған ұжым 2019 жылдың екінші жарты жылдығына 100 дана «Тіршілік тынысына» жазылды. Бұл ретте, аталмыш ұжымға ризашылығымызды білдіреміз. Олардың айрықша қолдауының арқасында газет жұмысы жанданып, әркез басылым қызметкерлері сенім үдесінен шығуға тырысады. Ал, жүйелі түрде басылымға жазылуды жүзеге асыратын кадр инспекторы Аяулы Тарбақованың еңбегі зор.

Б.ОРДАБЕКОВ
15 маусым 2019 ж. 455 0