КІМ АЛДА?
Газет – қашанда оқырманымен ғұмырлы. Оқырман көбейген сайын оның мазмұны мен сапасы жақсара түсетіні анық. Басылымның жаңалықтарды жеткізіп, адамға рухани азық сыйлауда маңызы зор. Сондықтан газет халық айнасы екені сөзсіз.
Қазір бәрі электронды нұсқаға көшіп жатқан кезеңде кейбіреулер «Газет оқылмайды» деген пікір айтып жатады. Десе де, бұған келіспейміз. Өйткені көзі қарақты оқырман өздеріне қажетті газетті арнайы іздеп келіп, жаздырып алуда. Олардың қатары көп. Оның үстіне, журналистердің жазған мақаласына пікір білдіретін оқырман да жетерлік. Ел басына күн туған кезеңде де, тапшылық кеудеден қысып, қара сабынға зар болған уақытта да халық сүйікті газетінен айныған жоқ. Ал осындай мамыражай кезеңде оқырман газеттен қол үзбейтінін сеніммен айта аламыз.
Қазіргі таңда аудандық газет ұжымы оқырман сұранысын қамту үшін жан-жақты жұмыс жүргізуде. Аудандағы жаңалықтарды жылдам жеткізіп, оқырманды рухани-та¬ным¬дық дүниелермен сусындату тұр¬ғысында еңбек етуде. Осы тұс¬та аудандық басылым «Сыр медиа» серіктестігіне қарағалы бері оқырманның газетті уақытылы алуын үнемі назарда ұстап келеді. Ол үшін газеттің өз таратушылары бар.
Бүгінде облыстық, қалалық және аудандық газетке жазылу редакцияда жүргізіледі. Атап айтқанда, «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт апталығы», «Ақмешіт жастары» және «Тіршілік тынысы» газетіне жылына екі рет жазылу жүреді. Осы қос жартыжылдықта басылымдарға жазылуда ерекше белсенділік танытатын ұжымдар бар. Біз осыған сараптама жүргізіп, «кім алда» екенін білдік.
Жоғарыда аталған газеттерге жазылуда бірінші кезекте аудандық білім қызметкерлері үнемі белсенділік танытады. Осыдан-ақ, ұстаздар қауымы елдегі, облыс, аудандағы болып жатқан жаңалықтарды білуге құмар екенін байқаймыз. Жалпы, бір жартыжылдықта білім қызметкерлері 2800 данаға дейін жазылады. Одан кейін медицина қызметкерлерін де ерекше атап өтуге болады. Олар 650 данаға жазылып, баспасөзбен тығыз байланыс орнатқан. Сондай-ақ аудан әкімі аппараты, аудандық бөлімдердің газетке жазылуы жақсы. Атап айтқанда, «Казсушар» РМК Арал СЖКБД филиалына қарасты аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі ұжымы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, аудандық дене шынықтыру бөлімі, кітапхана, «Сырдария орман және жануарлар дү¬ниесін қорғау», балабақша ұж¬ым¬дары басылымдарға үнемі бел¬сенді жазылып келеді. Сондай-ақ, аудан көлемінде мүлде газетке жа-зылмайтын мекемелер бар. Олар облыс, аудан тынысынан хабардар болуға құлықсыз екенін танытуда.
Одан бөлек, газеттің тұрақты оқырманы саналатын шаруашылық қызметкерлерін де атап өткен жөн. Аудандағы «Қызылдихан», «БАҚ», «Мағжан және К», «А.Тоқмағанбетов ЛТД», «Құндызды Май», «Ақжарма және К», «Ақжарма-1», «Мәді-Қажы» шаруашылық қызметкерлері газетіміздің тұрақты оқырманы саналады. Айта кетерлігі, «Мағжан және К» серіктестігі 100 данадан 150 данаға жеткізді. Ал «Қызылдихан», «БАҚ» шаруашылығы бойынша оқырман саны 120-ға жетті. Алдағы газетке жазылу науқанында да аталған ұжымдар белсенділік та¬нытады деген сенімдеміз. Және де газет таралымының артуына үлес қосып келе жатқан ұжымдарға алғыс білдіреміз!
Е.ЖАППАРБЕК