Іңкәрдариялықтар да үлес қосуда

Құрметті жан, ардақты әже Әсемкүл Бержанованы іңкәрдариялықтар жақсы таниды. Келер жылы тоқсанның төріне шығатын аяулы әженің өнегелі өмірі туралы аудандық "Тіршілік тынысы" газетіне арнайы мақала шықты. Енді алдағы жылдың жартыжылдығында аудандық басылым еңбек ардагеріне тұрақты түрде баратын болады. Осындай кісілерге құрмет көрсетіп, ізгілік танытқан Әйгерім Жұмабекова алғыс білдіреміз!
Үлкендерге деген құрметіміз толастамасын!