Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫ – МАҚСАТҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН НАҚТЫ БАҒДАР

БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫ – МАҚСАТҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН НАҚТЫ БАҒДАР


Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты биылғы Жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы - білім жүйесі. Орта мектептер - білім жүйесінің ең басты буыны. Адамзат баласының бүгінге дейін қол жеткізген ұлы игіліктерінің барлығы – білім мен оқу арқылы жасалған.
Елбасы биылғы Жолдауында бүгінгі күннің межесі мен алдағы уақыттағы негізгі 10 басымдықты нақтылап берді.
Білім беруге байланысты Жолдаудағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталатын жетінші басымдықта білім берудің жаңа сапасына тоқтала отырып, барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету және білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу, жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін атап көрсетті.
Осыған орай, білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтарға тоқталып өткім келеді.
- 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мек¬тепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттары енгізіледі.
- Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, бұл 2021 жылы аяқталатын болады, яғни барлық білім беру ұйымдарында бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар өзгереді.
- 2018 жылдың 1 қаңтарынан мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысы 30%-ға көбейеді. Сонымен бірге, мұғалімдердің біліктілігінің расталуына байланысты жалақы 30%-дан 50%-ға дейін өседі.
Бүгінгі таңда ауданда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 25 мектеп әкімшілігі, 342 бастауыш және негізгі сыныптарда сабақ беретін педагогтар білім жетілдіру курстарынан өтсе, 34 мұғалім тренерлерді дайындау курстарында білімін жетілдірді.
- 2019 жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
- Өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D-принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады.
Қазіргі уақытта аудандағы балаларға қосымша білім беру мекемесі Оқушылар үйін «Робототехника» кабинеттерімен жабдықтауға 2519,0 мың теңге қаржы бөлініп, жабдықталды.
- 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестік, үштілділікті меңгеру, латын әліпбиіне көшуге барынша мән беріліп, латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі әзірленеді.
- Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізіледі.
- Орта мектеп пен колледждер және ЖОО үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекциялары Интернетте жарияланады. Бұл шалғайдағы елді мекен мұғалімдеріне озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Назарбаев Зияткерлік мектебімен ынтымақтастық аясында жұмыстар жүргізілудің барысында мұғалімдер өздерінің ой пікірлерін бөлісе отырып, іс-тәжірибе алмасады.
Сонымен қатар, білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту; цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру; «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру; оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту Жолдауда нақты айтылған.
Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттерді іс жүзіне асыру мақсатында ұстаздар қауымының мемлекетіміздің гүлденуі мен өркендеуі жолында жұмыла еңбек етіп, жас ұрпақтың болашағына жол ашып, егемен еліміздің талабы тау­дай ұрпағын тәрбиелеуде абыройлы істер атқаратынына сенімім мол.
Елбасының игі бастамаларына қолдау білдіріп, жаңа күндерден тек жақсылықтар күтейік!

Б.СҮюбаева,
аудандық білім бөлімінің
басшысы

01 ақпан 2018 ж. 1 636 1

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 16:33
Best Buy Generic Tab Macrobid Real Us Amex Accepted cialis prices Propecia Embarazo Reacciones Adversas