Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БИЫЛ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ 100 ПАЙЫЗ КОМПЬЮТЕРЛЕНЕДІ

БИЫЛ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ 100 ПАЙЫЗ КОМПЬЮТЕРЛЕНЕДІ

 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
    2016 жылы электронды денсаулық сақтауды дамыту концепциясы бекітілген. Соған сәйкес, саланы ақпараттандыру жұмыстары жүйеленді. Бүгінде емдеуге жатқызу бюросы, бекітілген халық тіркелімі, стационарлық, онкологиялық, диспансерлік науқастардың тіркелімі, дәрілік қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде.
    "Ақпараттық жүйені енгізу арқылы денсаулық сақтау ұйымдары автоматтандырылады. Клиникалық және әкімшілік қажетті ақпаратты қалыптастырады және кезең-кезеңімен қағазсыз технологияларға көшу қамтамасыз етіледі. Бүгінде компьютерлік техникамен жабдықталу 80 пайызды, ал интернет желісіне қол жетімділік 77,6 пайызды құрайды. Денсаулық сақтау ұйымдарын компьтерлендіруді биыл 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Осы жылы мыңнан аса компьтерлік техника алынады", - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
    Сонымен қатар, облыс бойынша жедел медициналық көмек қызметі стансасы "Көмек" автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жұмыс жасап жатқанына 2 жыл болды. Қазіргі таңда, жедел көмек бригадалары GPS навигациясымен 100% қамтамасыз етілген.
07 ақпан 2018 ж. 1 131 0