Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жасанды ақыл онкологиялық науқастарды емдеуге көмектеседі

Қазақстанда жасанды ақыл онкологиялық науқастарды емдеуге көмектеседі


Елжан Біртановтың айтуынша, дәл қазір «Ватсон» жүйесі 100 мың науқастың мәліметін зерттеп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 100 мың науқас туралы мәліметті жасанды ақыл «Ватсонға» берді. Елжан Біртановтың айтуынша, министрліктің ақпарат жүйесінде 2005 жылдан бері 14 терабайт мәлімет жиналып тұр. Аталған ақпараттардың көлемі 5,8 млрд бетпен пара-пар.

«Бұл мәліметтердің барлығы Big-data технологиясы мен жасанды ақылды пайдалана отырып өңдеуге жарайды. Осы өңдеу жұмыстары арқасында денсаулық сақтау жүйесінің аясында терең анализ жүргізуге мүмкіндік береді. Мысал ретінде «Ватсон» жасанды ақылын келтіре аламыз. Бүгін біз онкологтардың есебінде тұрған 100 мың науқас туралы мәліметті осы жүйеге тапсырдық. Ақпан айында IBM-нен осы науқастарды емдеуге қатысты кеңестер аламыз», — дейді министр.

Аталған жүйе медициналық мәліметтерді, оқулықтарды, ғылыми зерттеулерді және барлық клиникалық протоколдарды зерттеп, небәрі бір минут ішінде науқасқа қандай ем тағайындау қажеттігін айтады.

«Дәлірек айтсақ, аталған жүйе қандай емді пайдаланған дұрыс екенін тағайындап қана қоймай, аталған ауру түріне қатысты белгілі бір ғылыми мақалаларға сілтеме береді», - дейді Біртанов.

Спикер өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігі мен IBM компаниясы арасында жасанды ақылды ортақ мақсатта пайдалану туралы меморандумға қол қойылғанын еске салды. Қазақстан денсаулық сақтау жүйесіне жасанды ақылды араластырып отырған 16-мемлекет.

Назерке Абибулла
29 қаңтар 2018 ж. 1 489 0