Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Халықтың тілегі орындалған күн

Халықтың тілегі орындалған күн

Шара барысында аудан әкім­дігіне қарасты мемлекеттік орган өкілдері, құқық қорғау, ден­саулық сақтау, білім беру, ауыл­ шаруашылығы, тұрғын үй, жер қатынастары және халыққа қыз­мет көрсету салаларына қа­тысты әлеуметтік мәселелер бойын­ша тұрғындардың өтініш­терін тыңдап, түсіндірме жұмыс­тарын жүргізді.
Аудан тұрғындары нәти­желі жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі, жер алу, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік, мү­­­­ге­­дектікті рәсімдеу секіл­ді мә­селелер бойынша көмек­ке жүгінді. Ке­ліп түскен өтініш­тердің нәти­желері бойынша тұрғындарға толыққанды жауап берілді. Сала мамандарына еркін сұрақ қойып, жан-жақты жауап алған аудан азаматтары акцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бұл жоба ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласынан бас­тау алып, республика бойынша бір мезетте 1000-нан астам заңгер 15 мың тұрғынның мәселесін шешіп, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

Майя ҚОЖАБАЙ
15 қазан 2019 ж. 410 0