СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ
Сырдария ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Байдушев ағымдағы жылдың ІІ-тоқсанында бірқатар мемлекеттік мекемелерде кездесулер өткізіп, мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындарына консультациялық көмек көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шаралар барысында мемлекеттік қызметшілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы кеңінен мағлұмат берді.
Мәселен, А.Тоқмағанбетов ауылдық округінде өткен кездесуде Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Байдушев мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Заңнамасын түсіндіріп, Әдеп кодексінің талаптарын сақтаудың маңызды екенін айтты.
Консультациялық көмек көрсету бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталған Әдеп жөніндегі уәкіл аталған жиналыстан кейін азаматтарға арнап жеке қабылдау өткізді.
Ашық форматта ұйымдастырылған кездесулер мен жиналыстар аудан торталығы Тереңөзек кентінде және бірқатар ауылдық округтерде өткізілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің төрағалығымен өткен жиналыстарға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшылары, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау комиссиясы, қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.