Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » "Халықтық заңгер" акциясы

"Халықтық заңгер" акциясы

Бүгін Тереңөзек кенті мәдениет үйінде «Халықтық заңгер» тақырыбында азаматтарды қабылдау акциясы өтті, – деп хабарлайды tirshilik-tynysy.kz Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған акция Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен және Сырдария ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Акция барысында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдар өкілдері құқық қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, ауылшаруашылығы, тұрғын үй, жер қатынастары және халыққа қызмет көрсету салаларына қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерін тыңдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аудан тұрғындары нәтижелі жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі, жер алу, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік, мүгедектікті рәсімдеу секілді мәселелермен көмекке жүгінді. Келіп түскен өтініштердің нәтижелері бойынша тұрғындарған толыққанды жауаптар берілді.

Сала мамандарына еркін сұрақ қойып, жан-жақты жауап алған тұрғындар акцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
10 қазан 2019 ж. 935 0